«Үммет жастары» көп балалы анаға баспана сыйлады
Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің жанынан құрылған «Үммет жастары» қайырымдылық қоры көп балалы ананың үйлі болуына себепші болды.
Қайырымдылық қорының тарапынан берілген 14-ші баспананың кілтін табыстау рәсіміне Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлы және еріктілер қатысты.
5 баланың анасының мұқтаждығын өтеп, Ақтау қаласының ортасынан 2 бөлмелі пәтер иесі атануына үлес қосқан жомарт жандарға алғыс айтамыз. Алла сіздерге разы болсын!