blog Images

Тұщықұдық ауылдық мешітінің дауыс күшейіткіш құралдары жаңартылды

Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылдық мешіті жаңа дауыс күшейіткіш құралдармен жабдықталды.

Мешіт имамы Алибек Асқарұлының бастамасын қолдаған жомарт жандардың арқасында құлшылық үйіне 4 жаңа дана дыбыс қоңырауы және басқару пульті орнатылып, тексерістен өтті.

Осы игі бастамаға атсалысқан қолы ашық жандарға ризашылығымызды білдіріп, кәсіптеріне береке тілейміз. Алла сіздерге разы болсын!