blog Images

«Қосай ата» мешіті: Түркі тіліндегі жазбаларға қатысты семинар өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында айтылған көне түркі әдеби тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курстар ашуға байланысты тапсырмасына сәйкес арнайы семинар өтті.

Мешіт имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы құлшылық үйінің қызметкерлеріне көне түркі тіліндегі жазбаларды таныстырып, сауат ашу дәрістері барысында аталмыш еңбектерді пайдалануды тапсырды.