Тұңғыш мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлының рухына Құран бағышталды
Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлының рухына Құран хатым дұғасы бағышталды.
Жұма намазынан кейін жамағатпен бірге қасиетті Құран аяттарын оқып, ел руханиятының қалыптасуына зор үлес қосқан ардақты дін қайраткерінің рухына дұға жасалды. Сондай-ақ Рәтбек қажының діни қызметтегі сүбелі еңбегі, ел бірлігі мен имандылық жолындағы өнегелі өмірі еске алынды.


