blog Images

Түркиядан келген қонақ киелі орындарға зиярат жасады

Маңғыстау өңіріндегі киелі орындарды насихаттау және туризмді дамыту мақсатында Жаңаөзен қаласының имамдары Түркия елінен келген қонақ үшін арнайы зиярат ұйымдастырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында Сұлтан үпі жер асты мешіті мен Шақпақ ата мешітіне мешітіне зиярат жасалды.

Аталмыш саяхат барысында Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы және «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы қонағымызға өңіріміздің ерекшеліктері мен тарихи-мәдени мұрасы жайлы ақпарат берді.