Түпқараған ауданының имамдары жылдық қорытынды жиынын өткізді
Түпқараған аудандық орталық мешітінде аудан имамдарының жылдық қорытынды жиыны өтті.
Жиынның мақсаты – 2025 жылғы атқарылған жұмыстарды саралап, келесі жылға арналған жоспарларды талқылау болды.
Жиын барысында Түпқараған ауданының бас имамы Серікболат Бежен аудандағы діни ахуал мен мешіттердің жалпы қызметі туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге арналған басым бағыттармен бөлісті.
Жыл бойы белсенді қызмет атқарған дін қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Жиын соңында дін қызметкерлері өзара пікір алмасып, діни және рухани жұмысты жетілдіру жолдарын талқылады.






