blog Images

Түпқараған ауданында Рамазанға дайындық мәселелері пысықталды

Түпқараған аудандық мешітінде аудан имамдарының қатысуымен жылдық жоспарға арналған жиын өтті.

Басқосуда алдағы Рамазан айына дайындық аясында атқарылатын іс-шаралар жан-жақты талқыланды.

Жиын барысында Түпқараған ауданының бас имамы Серікболат Бежен жылдық жоспар мен Рамазан айына дайындық бағытындағы жұмыстарды таныстырып, имамдарға нақты тапсырмалар берді.