blog Images

Түпқараған ауданында ҚМДБ құжаттарын насихаттау жиыны өтті

Түпқараған аудандық орталық мешітінде ҚМДБ қабылдаған «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» (тәртібі мен мәзірі) құжатын насихаттау жиыны өтті.

Аудан ардагерлері мен ақсақалдары қатысқан жиында мешіттің бас имамы Серікболат Бежен аталмыш құжаттың мән-маңызына тоқталып,ел ішінде қалыптасқан діни дәстүрлерді сақтау арқылы ысырапшылдықтың алдын алып, бірлік пен парасаттылық қағидаларын насихаттау қажеттігін атап өтті.