blog Images

Түпқараған ауданында Мәуліт кеші өтті

Түпқараған аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне арналған  «Сүннет жолы-үммет нұры» атты рухани жиын өткізілді.

Игілікті жиынға аудан имамдары, РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы ұстаз, сондай-ақ ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы мен ақсақалдар қауымы қатысты.

Шара барысында пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі насихатталып, оның адамзатқа қалдырған асыл өнегесі дәріптелді.

Мәуліт мерекесінің негізгі мақсаты – жамағаттың жүрегіне имани жылылық ұялату, пайғамбарымыздың үлгі боларлық қасиеттерін дәріптеу және жастарды ізгілікке шақыру.