blog Images

Түпқараған ауданында «Ислам және адал қоғам»тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Түпқараған ауданында «Ислам және адал қоғам» тақырыбында аудан ақсақалдарының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Тағылымды басқосуда қоғамдағы адалдық қағидаларын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақ тәрбиесіндегі ақсақалдардың рөлі кеңінен талқыланды.

Жиында Түпқараған ауданының бас имамы Серікболат Бежен сөз сөйлеп, «Ислам және адал қоғам» жылының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, дін мен дәстүр сабақтастығы, қоғам бірлігі және жастар тәрбиесі жөнінде ой-пікірін білдірді.