Түпқараған аудандық мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Түпқараған аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға азық-түлік қоржындары табысталды. Бұл игі бастама қасиетті айда мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыруға бағытталған.
Шара соңында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ел амандығы мен береке-бірлігі үшін дұға жасады.
