Түпқараған аудандық мешітінде рамазан айына дайындық жиыны өтті
Түпқараған аудандық мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық аясында жамағатпен айлық жиын ұйымдастырылды.
Шара барысында уағыз-насихат айтылып, жамағатқа арналған дастарқан жайылды.
Жиын кезінде мешіттің бас имамы Серікболат Бежен Рамазан айының рухани маңызы, оразаның тәрбиелік мәні, сабыр мен ықыластың орны туралы тағылымды насихат айтты. Сондай-ақ жамағатты алдағы қасиетті айды бірлікпен, ізгі амалдармен қарсы алуға шақырды.


