Түпқараған аудандық мешіті «Рамазанда бір тал ек»акциясына үлес қосты
Түпқараған аудандық мешіті қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатында «Рамазанда бір тал ек» акциясына үлес қосты.
Аталған шара барысында мешіт жамағаты бірлесіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама – табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және келешек ұрпаққа жасыл орта қалдыруға бағытталған маңызды қадам.
