blog Images

Наиб имам «Төрлетіңіз» бағдарламасының қонағы болды

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Есенбекұлы Mangystau TV телеарнасында шығатын «Төрлетіңіз» бағдарламасының қонағы болды.

«Алкоголь — жүйке уы» тақырыбында өткен кездесу барысында ішімдіктің адам ағзасына, өміріне зияны туралы айтылып, сондай-ақ Баянды ауылындағы сауда орындары алкогольді өнімдерді сатудан толықтай бас тартып, үлгілі ауыл ретінде танылуы да сөз болды.