Төлей ишан мешітінде Рамазанға дайындық жұмыстары талқыланды
Басқұдық ауылдық Төлей ишан мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.
Жиында мешіттің бас имамы Қалдыбай Наурызбай қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы мен тәртібін ретке келтіру, жылу және жарық жүйелерін тексеру, дыбыс құралдарын жаңарту, ауызашар ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру жұмыстарын тапсырды.
Сондай-ақ, Рамазан айында жамағатқа қолайлы жағдай жасау, тарауық намаздарын талапқа сай өткізу, күнделікті ауызашар дастарқандарын ұйымдастыру, қайырымдылық шараларын жүйелі түрде жүргізу мәселелері қаралды.
