Теңге ауылында «Сәби молда Атабайұлы» мешіті ашылды
Бүгін қасиетті жұма күні Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында «Сәби молда Атабайұлы» мешітінің ашылуы рәсімі өтті.
Игі шараға Қазақстан Республикасының алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Теңге ауылының әкімі Талғат Қалибайұлы, жергілікті дін қызметкерлері, Сәби молда Атабайұлы әулетінің ұрпақтары және елді мекен тұрғындар қатысты.
Бас мүфти бұйрығымен жаңа мешіттің имамы болып бұған дейін Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Мұхамедназар Қарыапызұлы тағайындалды.