«Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында 40 отбасыға көмек берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында Ақтау қалалық «Шопан ата« мешіті 40 отбасыға әлеуметтік қолдау көрсетті.
Жобаның мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және мұқтаж отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсету, қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру.
Қайырымдылық шара барысында күнделікті тұтынуға қажетті барлық азық-түлік себеттері өңірдегі мұқтаж жанұяларға табысталды.








