blog Images

«Тайқазан» акциясымен 30 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өткізіліп, 30 отбасыға әлеуметтік көмек таратылды.

Шараның негізгі мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, олардың қысқы қажеттіліктерін өтеуге жәрдемдесу. Акция аясында азық-түлік пен күнделікті тұрмыстық тауарлар арнайы дайындалып, тізім бойынша тұрғындарға үлестірілді.