Тәуелсіздік күніне орай Шопан ата мешітінде білім сайысы өтті
Тәуелсіздік күніне орай Ақтау қалалық Шопан ата мешітінде жамағат арасында білім сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушыларға шариғи сұрақтар мен Қазақстан тарихына қатысты тапсырмалар қойылып, олардың білім деңгейі сынға түсті.
Білім додасының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы марапаттар табысталды.
Шара барысында мешіттің бас имамы Құрбанбек Лашкербекұлы сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен білімнің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ел тәуелсіздігі жолында еңбек еткен ардақты азаматтардың рухына Құран бағышталып, жамағатқа дұға жасалды.












