Тәуелсіздік күніне орай Бейнеу ауылында қайырымдылық шарасы өтті
Тәуелсіздік күніне орай Бейнеу ауылдық «Басшы Айжанақұлы Әзірханов» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт жамағаты мен демеушілердің қолдауымен 20 отбасыға көмек көрсетілді. Оның ішінде 10 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік, ал 10 отбасыға демеушілер тарапынан берілген ет өнімдері таратылды.
Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға ұйытқы болған мешіт имамы Ұзақбай Жанабаев мұндай игі істер Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеп, қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.





