Табиғатқа тағзым – ұрпаққа аманат»:Шопан ата мешітінің ауласына ағаш отырғызылды
Ақтау қалалық «Шопан ата»мешітінің ауласына ағаш көшеттері отырғызылды.
Игі бастамаға ҚМДБ Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, сондай-ақ дін қызметкерлері, ақсақалдар мен әжелер және зиялы қауым өкілдері қатысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып ағаш көшеттерін отырғызды.
Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл бар. Осы ұстанымды ту еткен көпшілік табиғатты түлету арқылы келер ұрпаққа көркем мұра қалдыруды мақсат етті. Жерге егілген әрбір көшет – болашаққа бағытталған үміттің белгісі, ал оны күтіп-баптау – баршамызға ортақ аманат екені айтылды.
