blog Images

Сүйінқара Үргенішбайұлы мешітіне жаңа имам қызметке тағайындалды

Қасиетті жұма күні Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық Сүйінқара Үргенішбайұлы мешітіне жаңа имам тағайындалды.

Жетібай ауылдық Сүйінқара Үргенішбайұлы мешітінің бас имамы  қызметіне-Калимбетов Алибек Аскарұлы, ал наиб имамы қызметіне-Калыбаев Есбол Бегалұлы тағайындалды.

Айта кетейік, Калимбетов Алибек Асқарұлы бұған дейін :

2015-2016жыл Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық Ыбырайым Ахун мешітінде наиб имам ;
2016-2018 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық мешітінің бас имамы ;
2018-2020 жылы еңбек демалысы;
2020 – 2025 Тұщықұдық мешітінің имамы қызметін абыроймен атқарған.

Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Серік Орынханұлы Бас мүфти бұйрығын оқып,жаңа қызметке тағайындалған имамдарды  таныстырып,еңбектеріне береке тіледі.