blog Images

«Сүйінқара батыр» мешітінде 15 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылдық «Сүйінқара Үргенішбайұлы» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгілік пен жанашырлықты дәріптеуді мақсат еткен шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 15 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

Қайырымдылық шарасы мешіт жамағаты мен жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы өзара көмек пен мейірімділікті арттыруға бағытталды.

Жақсылық жасау – сауапты іс. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.