Сүйінғара мешітінде Құран дәрістері басталды
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында орналасқан Сүйінғара мешітінде жамағатқа арналған Құран дәрістері өз жұмысын бастады.
Мешіт жамағатының діни білімін арттыруға бағытталған дәрістер әр аптаның дүйсенбі,сәрсенбі,жұма күндері өткізіледі
Ақшам мен Құптан намаздарының арасында жасөспірімдерге, ал Құптан намазынан кейін жасы үлкен жамағатқа арналған Құран сабақтары өтуде. Дәрістердің басты мақсаты – Құран ілімін үйрету, діни сауаттылықты арттыру және рухани тәрбие беру.
