blog Images

«Сүйінғара батыр»мешітінің имамы Құрық мешітінің жамағатымен жүздесті

Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінің имамы Әли Асқарұлы Құрық ауылындағы мешіт жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында имам жамағатқа «Истиғфардың пайдасы» тақырыбында уағыз-насихат айтып, истиғфар айту адамның жүрегін тазартып, рухани тұрғыда кемелденуіне ықпал ететінін жеткізді.

Жамағатпен өткен рухани кездесуде дін төңірегіндегі бірқатар мәселелер қозғалып, қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.