Сүйінғара батыр мешітінің имамы ауыл жастарына насихат айтты
Қарақия ауданы Жетібай ауылдық Жастар орталығында ауылдың белсенді жастарының қатысуымен рухани кездесу өтті.
Тағылымды жиында жастардың ел болашағындағы орны мен жауапкершілігі, олардың қоғам дамуына қосар үлесі жөнінде кеңінен айтылды. Сондай-ақ ұлы ақын Абай Құнанбайұлының имандылық, адамгершілік туралы өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер талқыланып, терең мазмұнды ойлар ортаға салынды.
Кездесу барысында Жетібай ауылдық Сүйінғара батыр мешітінің бас имамы Әли Асқарұлы жастарға арнап насихат айтып, имандылықтың маңызы мен рухани тәрбиенің қоғамдағы рөліне тоқталды.
Шара жастардың рухани танымын арттырып, ізгілікке, бірлікке және отансүйгіштікке баулуға бағытталды.
