Сүйінғара батыр мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті
Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр Үргенішбайұлы» мешітінде жамағатпен кезекті айлық отырыс ұйымдастырылды.
Басқосуда мешіт имамы Әли Асқарұлы «Білімді болудың артықшылығы» тақырыбында уағыз айтып, жамағатқа білімнің маңыздылығы мен оның адам өміріндегі орны жайында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, жиын барысында қатысушыларға пайдалы кеңестер беріліп, рухани тәрбиелік насихаттар айтылды.