Сүйінғара батыр мешітінде 50балаға айттық тәттілері таратылды
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қарақия ауданы, Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінде ерекше балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерге айттық тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Бұл игі бастама балалардың қуанышын арттырып, Құрбан айттың ізгілік пен мейірімге үндейтін құндылықтарын насихаттауға бағытталды.
