blog Images

Сүйінғара батыр мешіті: «Сталкерлікті тоқтат» тақырыбында түсіндіру жиыны өтті

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы Жастар орталығында «Сталкерлікті тоқтат» тақырыбында түсіндіру жиыны өтті.

Шараға мәдениет үйінің жетекшілері, ІІБ қызметкері және әлеуметтік сала мамандары қатысты. Кездесу барысында мемлекетіміздің заңнамасына жаңадан енгізіліп жатқан заң жобасы кеңінен түсіндіріліп, оның қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы айтылды. Сонымен қатар, бұл мәселеге қатысты ислам дінінің ұстанымы егжей-тегжейлі баяндалып, адам құқығын бұзу, біреуді қудалау мен мазалау әрекеттерінің шариғатта құпталмайтыны атап өтілді.

Жиында Сүйінғара батыр мешітінің имамы Әли Асқарұлы баяндама жасап, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын тілге тиек етті. Ол жастарды заңға құрметпен қарап, өзгеге зиян келтірмеуге, ізгілік пен адамгершілік қағидаларын ұстануға шақырды.