blog Images

«Сүйінғара батыр» мешіті «Рамазан базарлығы» акциясының нүктесін қойды

Мүбәрак ай бойы жалғасқан «Рамазан базарлығы» жобасының соңғы шарасы Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Есбол Бегалыұлы бастаған еріктілер жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіру мақсатында Қарақия аудандық психологиялық -педагогикалық түзеу кабинетінің Жетібай елді мекеніндегі филиалында болып, мекеме тәрбиеленушілеріне тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестірді.

Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!