blog Images

«Сүйінғара батыр» мешіті: Қариға кіші қажылыққа жолдама берілді

Қадір түнінің құрметіне орай Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалып, қариға құрмет көрсетілді.

Құлшылық үйінің жамағатының және қайырымды азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында мешіт имамы Есбол Бегалыұлы Рамазан айы бойы тарауық намаздарында жамағатты әуезді Құранмен сусындатқан қари Есет Қуат-Бекұлына кіші қажылыққа жолдама табыс етіп, жылы лебізін білдірді.