Смайыл Сүйерқұлұлы «Ар-Рахман»мешітінде насихат айтты
Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Маңғыстау облысына жасаған іссапары аясында Мұнайлы ауданындағы «Ар-Рахман» мешітінің жамағатымен жүздесті.
Жиын барысында Смайыл Сүйерқұлұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өнегелі өмірі мен ғибратқа толы ғұмыры кеңінен баяндап,адамзатқа қалдырған асыл мұралары жайлы насихат айтты.
Жиын барысында Ислам тарихының маңызды кезеңдері қозғалып, дініміздің таралу жолы, мұсылман үмбетінің бірлігі мен ынтымағы жайлы тағылымды ойлар айтылды. Бұл бағыттағы әңгімелер жамағаттың рухани танымын кеңейтіп, имани сезімдерін күшейтуге ықпал етті.
Ақшам мен құптан намазының арасында өткен тағылымды насихатта жамағат ерекше ықыласпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
