blog Images

«Шопан ата»мешітінің шәкірттері арасында білім сайысы өтті

Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінде қасиетті Рамазан айы аясында қыз балалар арасында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны – Сирадан  жарыс ұйымдастырылды.

Танымдық сайыс екі номинация бойынша өтті. Атап айтқанда, 6–10 жас аралығындағы қыздар тест тапсырса, 11–15 жас аралығындағы шәкірттер Kahoot ойыны арқылы білімдерін сынады.

Жарысқа барлығы 40 шәкірт қатысып, өзара бақ сынады. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер жүлделі орындарды иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.