blog Images

«Шопан ата»мешітінің имамы «Ар-Рахим»мешітінде жұма уағызын айтты

Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінің наиб имамы Жеңіс Амангелдіұлы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітіне арнайы барып, жамағатпен бірге жұма намазын өткізді.

Жұма намазы алдында мешіт жамағатына «Қанағат-рахым ойлап қой, Бес  асыл іс білсеңіз»тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Насихат барысында қанағат ету, барға шүкіршілік ету, ысыраптан аулақ болу және әрбір нығметтің қадірін білу жайында кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, бес асыл істің адам бойындағы көркем мінез-құлық пен ізгі қасиеттерді қалыптастырудағы маңызы сөз болды.