blog Images

«Шопан ата»мешітінде Республика күніне орай тәрбиелік семинар өтті

Республика күніне орай Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінде шәкірттер арасында «Отан – біздің анамыз» атты тәрбиелік семинар ұйымдастырылды.

Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, елге деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жиында  мешіт ұстазы Ақмарал Қазиева шәкірттерге Отанды сүю, ел бірлігін сақтау және тәуелсіздіктің қадірін білу жайында тағылымды насихат айтты.

Шара соңында балаларға тәттілер таратылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.