blog Images

Шопан ата мешітінде Құран жаттаған шәкірттер марапатталды

Ақтау қалалық “Шопан ата” мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған “Құран – жүрегімнің нұры” атты рухани-танымдық шара ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Құран Кәрімді үйрену мен жаттауға ерекше ынта танытқан шәкірттер марапатталды. Атап айтқанда, Құран Кәрімнен 5 пара жаттағаны үшін Джумашева Махаббатқа арнайы сертификат пен сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, Брайль әдісі арқылы Құран үйреніп, 1 пара жаттағаны үшін Көшімова Арайлым сертификат және арнайы сыйлықпен марапатталды. Бұл – Құран ілімінің баршаға қолжетімді екенін көрсететін тағылымды үлгі.

Сонымен қатар шара аясында Құран әліппесі мен тәжуид ережелерін толық меңгерген 27 шәкіртке арнайы сертификаттар табысталды.

Аталған рухани жиын әйел-қыздардың діни сауатын арттыру, Құранға деген сүйіспеншілікті нығайту және ізгі амалдарға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.