«Шопан ата» мешітінде Ережеп айының құрметіне қайырымдылық шарасы өтті
Ақтау қалалық Шопан ата мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қасиетті Ережеп айының құрметіне «Ережеп – ізгіліктің бастауы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Ізгі шара барысында әйел-қыздар жамағаты әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып, қолдау көрсетті. Қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – қоғамда мейірім мен бауырмалдықты арттырып, сауапты істерге үндеу болды.


