«Шопан ата» мешітінде «Бас имам сағаты»өтті
Қасиетті Рамазан айында Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінде жамағатқа арналған «Бас имам сағаты» өтті.
Кездесу барысында мешіттің бас имамы Құрбанбек Лашкербекұлы қасиетті Рамазан айының артықшылықтары, оразаның сауабы мен мұсылманның бұл айда жасайтын ізгі амалдары туралы насихат айтты. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, Рамазан айына қатысты шариғи мәселелерді түсіндірді.
