blog Images

Шопан ата мешітінде әйел-қыздарға арналған дөңгелек үстел өтті

Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Білім – екі дүние шамшырағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Рухани шара барысында жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтылды. Атап айтқанда, Қазиева Ақмарал ұстаз «Ихсан – жан тәрбиесі» тақырыбында сөз сөйлеп, ихсан ұғымының мәні, адамның ішкі рухани кемелденуі мен көркем мінез қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, Джанабаева Тұрғанай ұстаз «Ережеп айының құндылықтары» тақырыбында уағыз айтып, қасиетті айдың ерекшелігі, сауапты амалдардың артықшылығы және рухани тазалыққа мән беру жайлы кеңінен түсіндірді.