ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің маманы студенттермен кездесті
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапар барысында Бейнеу мәдениет үйінде студенттермен кездесті.
«Рухани байлық – мәңгілік қазына» тақырыбында өткен рухани жиында ұстаз жастарды білімге, адамгершілікке, имандылыққа үндеп, ұлттық және діни құндылықтарды қадірлеудің маңызына тоқталды. Кездесуге қатысқан студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тағылымды кеңес алды.



