blog Images

«Шаңырақ»мешіті:Ораза Айт мерекесінде мешіт қызметкерлеріне сый жасалды

Бүгін қасиетті Ораза айт мерекесіне орай Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде мерекелік жиын өтті.
Айт күні өткен бұл басқосуда жамағат пен мешіт қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара барысында бас имам Еркеғали Сағынбайұлы мешіт қызметкерлеріне жалақы көлемінде бір реттік қаржылай сыйақы табыстады. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айы бойы халыққа қалтқысыз қызмет етіп, рухани жұмыстарға белсене атсалысқан ұстаздар мен барлық қызметкерлерге шынайы алғысын білдірді.

Жиын барысында қызметкерлердің отбасына да көңіл бөлініп, олардың балаларына арнайы тәтті сыйлықтар үлестірілді. Бұл игі шара — еңбекті бағалау мен бірлік пен мейірімділікті арттырудың айқын көрінісі болды.

Айта кетейік, Рамазан айында мешіт қызметкерлері жамағатқа рухани қызмет көрсетіп, түрлі діни шаралар мен қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Осындай мерекелік күнде олардың еңбегін бағалау — игі дәстүрдің жалғасы.

Қасиетті Ораза айт барша мұсылман қауымына құтты болып, елге амандық, бірлік пен береке әкелсін.