blog Images

«Шаңырақ»мешітінің жамағаты арасында білім сайысы өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде қасиетті Қадір түніне орай жамағат арасында викториналық сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіттің наиб имамы Дінмұхамбет Әлиұлы жамағатқа діни танымдық сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген шәкірттерге қасиетті Меккеден әкелінген түрлі сыйлықтарды табыс етті.

Жамағат белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, сайыс қызықты әрі әсерлі өтті. Мұндай танымдық шаралар жамағаттың діни білімін арттырып, рухани кештің мазмұнды өтуіне өз үлесін қосты.