«Шаңырақ»мешітінің шәкірттері марапатталды
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде «Мәбдул қирағат» кітабының үш томын үздік аяқтаған шәкірттерді марапаттау рәсімі өтті.
Мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы шәкірттерге құттықтау сөз айтып, ілімнің артықшылығын еске салды. Ол өз сөзінде:
«Білім – жүректі нұрландыратын күш, амалға бағыт беретін жарық», – деді.
Алла Тағала Құранда:
«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» (Зумар, 9-аят) – деп, ілімнің қадірін айқындаған.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ:
«Кім білім іздеу жолына түссе, Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді» (Мүслім) – деген.
Марапат иелері ұстаздарына алғысын білдіріп, алған білімдерін амалмен толықтыруға ниет етті.



