«Шаңырақ»мешітінің құрметті жамағаттары мерекелік төсбелгімен марапатталды
Биыл Ораза айт мерекесі биыл қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келіп, жамағат үшін ерекше рухани қуаныш сыйлады. Осы айтулы күні Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде тағылымды мерекелік шара өтті.
Мешітіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында бас имам Еркеғали Сағынбайұлы жамағат алдында бірқатар азаматтарды марапаттап, олардың дін жолындағы қызметі мен мешітке сіңірген еңбектерін ерекше атап өтті.
Атап айтқанда, мешіт өміріне белсене атсалысып жүрген жамағат мүшелері Кетебаев Ертарғын мен Жанузаков Ерлан Дүйсенбайұлына арнайы медаль табысталып, көпшілік алдында алғыс білдірілді.
Бұл марапат – олардың мешіт ісіне деген жанашырлығы мен ықыласының айқын көрінісі. Осындай игі істер жамағат бірлігін нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосатыны сөзсіз.
Алла Тағала баршамыздың ізгі амалдарымызды қабыл етіп, ел амандығы мен бірлігімізді баянды етсін!
