«Шаңырақ»мешітінің бас имамы студенттермен кездесті
Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Дәстүр» бағдарламасы аясында «Дін мен дәстүр үндестігі: жат ағымдардан қорғану жолы қандай?» тақырыбында кездесу өтті.
Аталған шараға Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы арнайы қонақ ретінде қатысып, жастарға тағылымды насихат жүргізді. Бас имам өз сөзінде дін мен дәстүрдің сабақтастығын, ұлттық құндылықтардың қоғамдағы маңызын кеңінен түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, жат ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен олардан сақтану жолдары нақты мысалдар арқылы баяндалды. Кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пайдалы пікір алмасу жүзеге асты.
Мұндай кездесулер жастардың рухани тәрбиесін нығайтып, ұлттық және діни құндылықтарды дұрыс түсінуіне оң әсерін тигізеді.