«Шаңырақ»мешітінің ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің қызметкерлері ағаш егу жұмыстарына белсене қатысты.
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жаңаөзен арнайы мектебінің оқушыларымен бірлесіп ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосып, көшеттер отырғызды.
Аталған іс-шара еліміз бойынша жүзеге асып жатқан «35 мың түп ағаш егу» атты кең ауқымды республикалық жоба аясында өтті. Бұл бастама – табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақты еңбекке баулу жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Осындай сауапты әрі пайдалы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.
