«Шаңырақ»мешітінің ауласына шырша ағаштары отырғызылды
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінің қызметкерлері табиғатты қорғау мен айналаны көріктендіру мақсатында мешіт ауласына шырша ағаштарын отырғызды.
Бұл игі іс – мешіт ұжымының экологиялық сана мен тазалық мәдениетін арттыруға бағытталған тұрақты бастамаларының бірі болып табылады. Шырша ағаштары — мәңгі жасыл табиғаттың белгісі. Оларды отырғызу арқылы мешіт қызметкерлері жамағатқа қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңызын көрсетті.
Мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы өз сөзінде:
“Ағаш егу — сауапты амал. Әрбір егілген ағаш — табиғатқа, болашақ ұрпаққа жасалған сый”, — деп атап өтті.
Бүгінгі іс-шара жамағат арасында жылы ықыласпен қабылданып, келешекте мешіт айналасын көгалдандыру жұмыстары жалғасын табатыны айтылды.



