«Шаңырақ»мешітінің ауласын абаттандыру жұмыстары аяқталды
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің ауласын абаттандыру жұмыстары аясында дәретханадан мешітке дейінгі жүргіншілер жолы мен автокөлік тұрағына арналған орынға жалпы көлемі 230 шаршы метр брусчатка төселді.
Аталған жұмыстар мешіттің Бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының тапсырмасымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде мешіт ауласы көркейіп, жамағатқа қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға тағы бір қадам жасалды.
Осы игі іске атсалысып, қолдау білдірген барша азаматтарға, демеушілерге және еңбек еткен азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Алла Тағала жасаған жақсылықтарыңызды қабыл етіп, малдарыңызға береке, отбасыларыңызға амандық нәсіп етсін! Мешітіміздің көркеюіне қосқан әрбір үлестеріңіз сауаптан жазылсын!
Бірлігіміз бекем, берекеміз мол болсын!
