blog Images

«Шаңырақ»мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай маңызды кездесу өтті

Жаңаөзен қалалық  Шаңырақ мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай маңызды кездесу өтті.
«Шаңырақ»мешітінің  30 жылдық мерейтойына байланысты қала әкімінің орынбасары Аймағанбетов Жаңабай Үсенбайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Жаңаөзен қалалық  Шаңырақ мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы мешітіміздің биылғы атқарылатын жоспарларымен таныстырып, алда өтетін игі шаралар туралы кеңінен баяндады.

Атап айтқанда, 30 жылдық мерейтой аясында мешітімізде республикалық Құран жарысына іріктеу кезеңі, рухани-танымдық кездесулер, жастарға арналған тәрбиелік шаралар және жамағатты біріктіретін көптеген игі бастамалар ұйымдастырылмақ. Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары бұл бастамаларға оң бағасын беріп, қолдан келгенше қолдау көрсетіп, көмектесетінін жеткізді.
Бұл – мешіт пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты арттырып, қала тұрғындарының рухани өміріне серпін беретін маңызды қадам.

Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айының келуіне де санаулы күндер қалды. Ұлық айға шамамен 40 күн уақыт қалып отыр. Осы берекелі кезеңге дайындық жұмыстарын күшейтіп, жүректерімізді тазартып, ниеттерімізді түзеуге шақырамыз. Алла Тағала алда келе жатқан Рамазан айын баршамызға амандықпен, иманмен, мол сауаппен жеткізсін!