«Шаңырақ»мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық пен тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны көркейту мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенді қатысып, мешіт аумағын тазалау, айналаны ретке келтіру, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Ортақ іске жұмыла атсалысқан жамағат ұйымшылдық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Аталған игі шара қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қаланың көркеюіне үлес қосу мақсатында өткізілді.
